Роза Рымбаева орындалмаған арманы туралы айтты (ВИДЕО)

Роза Қуанышқызының орындалмаған арманы «Алғашқы» бағдарламасы арқылы орындалған.

Роза Рымбаева орындалмаған арманы туралы айтты (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз
1317

Қазақстанның Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева бала күніндегі бір арманының орындалмағанын айтты. Бұл туралы “Қазақстан теміржолшысы” газеті жазды, деп хабарлады turkystan.kz. 

Газеттің жазуынша, Роза Қуанышқызының орындалмаған арманы «Алғашқы» бағдарламасы арқылы орындалған.

Халық әртісі Алматы-2 және Алматы-1 станциялары аралығында жолсерік қызметін атқарған. Теміржол вокзалынан жолсерік рөліндегі сүйікті әншілерін көрген жолаушылар таңғалған. Алайда әншімен сапарлас болғанына қуанып, естелік фотоға да түсіпті.

Айта кетейік, Роза Рымбаева бұрынғы Семей облысы Жарма ауданы Жаңғызтөбе станциясында теміржолшы отбасында дүниеге келген. Ес білгелі үйінің іргесінен күні-түні жолаушылар мен жүк пойыздарының даусын естіп өскен. Станцияға тоқтаған вагондар мен аялдаған жолсеріктерді көріп, форма киген теміржол қызметкерлеріне қызыққан. 50 жылдан бері киіп келе жатқан сахналық көйлегін бір уақыт теміржол қызметінің формасына алмастырған әнші балаша қуанды.

Әншінің айтуынша, теміржол мамандығын таңдауға әкесі рұқсат бермеген.

Бала Роза кішкентайынан үнемі жұмыста болатын әкесін күтуден шаршамаған. Темірдей тәртіпке негізделген қызметінің ауырлығын да сезініп өседі. Рымбаевтар отбасындағы 8 баланың дені өнерге жақын болса да, Роза ғана қазақ ән көгінде жұлдыз болып жарқырады.

 

Серіктес жаңалықтары