«Ауырып қалдым»: Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен ажырасқаннан кейінгі жағдайы туралы айтты

Отбасы туралы сұраққа жауап берді.

«Ауырып қалдым»: Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен ажырасқаннан кейінгі  жағдайы туралы айтты
Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev
1615

Актер Жаһан Отарғалиевп әнші Балжан Бидашпен ажырасқаннан кейінгі жағдайы туралы айтты, деп жазды turkystan.kz. 

«Мен отбасым туралы мүлдем әңгіме қозғаған жоқпын. Себебі менің отбасым жеке кеңістігім болғаннан кейін бұл туралы әңгіме қозғағым келген жоқ. Бірақ көп адамнан «Жахан, отбасыңды қайтарсаңшы» деген смс келіп жатыр. Сол кісілерге жауап бергім келеді. Достар, мен отбасымды жайдан-жай жіберіп қоятын соншалықты жынды емеспін. Мен тырыстым, бір емес, екі емес, үш емес, он емес, үш ай бардым, сөйлестім, айтым. «Ойлан, бір ай күтейін, екі ай күтейін, үш ай күтейін» деп жүргенде біраз уақыт өтіп кетті. Сөйтіп ауырып қалдым. Жалпы айтқым келетіні, қымбатты достар, мен отбасымды жайдан-жай жіберіп қойған адам емеспін. Сол үшін бір-біріміз туралы жақсы ойда болайық. Бір-біріміз туралы жақсы сөйлейік», - деді ол Instagram-дағы сторисінде.

 

Серіктес жаңалықтары