Димаш Құдайбергеннің ата-анасы қалай танысқандарын айтты (ВИДЕО)

Биыл өнерлі отбасының отау құрғандарына – 30 жыл.

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы қалай танысқандарын айтты (ВИДЕО)
Ашық дереккөз
1345

Әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы жұлдызды жұп Қанат пен Света Айтбаевтар жас күндерін еске алып, қалай танысқандарын айтып берді. 

Бұл туралы  «Жақсы адамдарым» бағдарламасында берген сұхбатында бөлісті.

Биыл өнерлі отбасының отау құрғандарына – 30 жыл. Қос жұптың үйленген күнін Қанат Айтбаевтың жан досы, сазгер Орал Байсеңгіров еске түсірді.

«Қанат пен Света алғаш танысқан сәтіне куәмін. 1990 жылдардың басында студент арулар арасында «Қыз сыны» байқауын жүргіздім. Қыздарды рет-ретімен сахнаға дайындап жатсам, көрермен арасынан Қанатқа көзім түсті. Мойын-омыртқасы үзіліп кететіндей Светаға қарап отыр екен», – деп әзілдеді. 

Досының сөзін растап, танысу хикаясын Қанат мырза өзі айтып берді.

«Институт қабырғасында оқып жүргенде белсенді студент болдым. Бір күні педагогикалық колледжде «Қыз сыны» байқауына әділқазы болуға шақырды. Үлкен оқытушы - педагогтармен сол жерде қазылық еттім. Иненің көзінен өтетін аруларымыз өнерлерін көрсетті. Сол байқауда қазылар алқасының шешімімен Светаға екінші орын бердік. Арада екі аптадай уақыт өтті. Ол кезде әлеуметтік желі жоқ. Көретініміз – теледидар. Облыстық арнаны қосып қойып, төрт жігіт болып жалдамалы пәтерімізде тамақ ішіп отырсақ, теледидардан: «Бас жүлде иегері – Светлана Төлемісова» деп хабарлап жатыр. Облыстық «Қыз сыны» байқауына қатысып жатыр екен. Сол жерде: «Осы қызға үйленемін» деп өзіме серт бердім. Студент күнімде жергілікті телеарнада жұмыс істейтінмін. Бағдарламаға шақырып жүріп, танысып алдым. Ең алғаш кездескен жеріміз – Ленин ескерткішінің алды. Ол жаққа неге шақырғанымды білмеймін. Жаңбыр құйып тұрса да келгеніне қарағанда жаман жігіт болмағанмын, – деп күліп еске алды.   
 

 

Серіктес жаңалықтары