«Елімай-2019»: Қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптылар сотталды

Алаяқтар ел азаматтарына 1,5 млрд теңге залал келтірді.

«Елімай-2019»: Қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптылар сотталды
ашық дереккөз
880

«Елімай-2019» тұтыну кооперативінің негізін қалаған ерлі-зайыпты алаяқтар Ербол Кизбаев пен Жазира Өмірбаева сотталды, деп хабарлайды Turkystan.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Сот алаяқтарды 6 және 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Ерлі-зайыптылар 2 жыл ішінде 3 мыңға жуық салымшының 1,5 млрд теңгеден асатын қаражатын заңсыз пайдаланған.

«Елімай-2019» тұтыну кооперативі қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 2019-2021 жылдар аралығында қайтарымсыз қарыз беру түрінде 3 мыңға жуық салымшының 1,5 млрд теңгеден аса қаражатын заңсыз тартқандығы анықталды», – делінген Қаржы мониторингі агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті.

Мемлекетаралық іздеуде жүрген алаяқ ерлі-зайыптылар 22 қаңтарда ұсталды. Оардың үстінен 90 адам арыз түсірді.

Серіктес жаңалықтары