Ұлттық банк төрағасының қанша кредиті бар?

Тимур Сүлейменов жалақысын үнемдейтінін айтты.

Ұлттық банк төрағасының қанша кредиті бар?
Ұлттық банктің баспасөз қызметі
1176

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов журналистердің сұрақтарына жауап беріп, қанша кредиті бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Министр жалақысын үнемдейтінін және жинақтайтынын жариялады.  

«Менің ойымша, бұл дұрыс тәжірибе. Жалақыңыз қанша болса да, мүмкіндігіне қарай оның бір бөлігін үнемдеу керек. Бұл өте маңызды. Өйткені барлығымыздың балаларымыз бар. Алдағы уақытта балалы болатын адамдар бар. Барлығымыз тұрғын үйіміз бен тұрмыс жағдайымызды жақсартқымыз келеді», – деді ол.

Ұлттық банк басшысы, қарапайым адамдар секілді тұтынушылық несиеге жүгінетінін айтты.

«Несиеге бірдеңе аламын ба? Әрине, аламын. Дүкенге барып, сол жерден теледидар немесе қысқатолқынды пеш сатып алсам, бөліп төлеу немесе несиеге алу арзанырақ болса, басқа адамдар секілді несиеге аламын», – деді Т. Сүлейменов.

Кейбір қазақстандықтар секілді бір басыңызда 24 төлем жоқ па деген сұраққа Ұлттық банк төрағасы: «Жоқ, менде 24 төлем жоқ. Бірнеше тұтынушылық несием бар», – деп жауап берді.

 

Серіктес жаңалықтары