879
Статистика: елімізде қазақтардың үлесі қанша?
Жалпы халық санындағы қазақтардың үлесі 63,1%-дан 70,4%-ға дейін өсті.
Ұлттық статистика бюросы қазақтардың үлесі 70,4% дейін өскенін анықтады.
Ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақтар саны 13,4 млн адамды құрады, 2009 жылдан бергі өсім – 33,7% (10 млн – 2009 ж.), жалпы халық санындағы қазақтардың үлесі 63,1%-дан 70,4%-ға дейін өсті.
Сондай-ақ, саны көп ұлттар қатарына орыстар – 2,9 млн адам, өзбектер – 614 мың адам, украиндар – 387 мың адам және ұйғырлар – 290 мың адам кірді.