Мүмкіндігі шектеулі адамдар портал арқылы 482 мыңнан астам қызмет алды

Порталда 868 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталық (бөлімшелер), 513 ОТҚ жеткізуші, 28 мыңнан астам жеке көмекші, 712 ымдау тілі және 109 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар портал арқылы 482 мыңнан астам қызмет алды
sosnovosti.ru
806

Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 482 мыңнан астам қызмет алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жыл басынан Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы шамамен 383,2 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 7,5 мың – ымдау тілі қызметін, 25,5 мың – жеке көмекшінің, 66,5 мың – санаторлық-курорттық емдеу қызметін алды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

«Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды», – делінген хабарламада.

Бүгінгі күні Порталда 868 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталық (бөлімшелер), 513 ОТҚ жеткізуші, 28 мыңнан астам жеке көмекші, 712 ымдау тілі және 109 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары