«Ішіп кеткен бе?»: Бағлан Әбдірайымовтың видеосы желіде қызу пікірталас тудырды

Бағлан Әбдірайымов әріптесі Жігер Ауыпбаевтың су жаңа әнін қолдау білдірген.

«Ішіп кеткен бе?»: Бағлан Әбдірайымовтың видеосы желіде қызу пікірталас тудырды
instagram/baglan_abdraimov_official
4104

«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов әріптесі Жігер Ауыпбаевтың су жаңа әнін қолдап, Instagram-дағы парақшасына видео жүктеді.

Өнер иесі құмар ойын туралы фильмінің жалғасын түсіріп жатқанын көрсетті.

«Досымның әні Tik Tok желісінде хит болып жатыр екен. Сіздер қалай қабылдайсыздар?», – деп оқырмандарына сұрақ қойды.

Видеода әнші жолына кездескен адамдарға ашуланғандай кейіп танытып, қолына түскен заттарды лақтырмақ болды.

Желі қолданушыцлары оның әрекетін мас адамға көбірек ұқсағанын жазған.

«Мына жігіт қайта ішіп кеткен бе немесе бейнебаян ба? Кім біледі?», «Біздің ауылдағы мас адамдарға ұқсап қалыпты», «Орындықпен ұрғанша, күрек лақтырмадың ба?», «Клоун болып кеттің», «Әншілер шегіртке болып жүр» деген негатив пікір жазып жатқан оқырман санында шек жоқ.

Бағлан Әбдірайымовтың өзі әр пікірге реакция білдіріп, оқырмандарын көңілге қатты алмауға шақырды.

 

Серіктес жаңалықтары