Арасында әлем чемпионы бар: Ұлттық антидопинг орталығы биыл жарыстан шеттетілген 19 қазақстандық спортшының тізімін жариялады

Допингпен ұсталғандардың арасында әлем чемпионы да бар.

Арасында әлем чемпионы бар: Ұлттық антидопинг орталығы биыл жарыстан шеттетілген 19 қазақстандық спортшының тізімін жариялады
sport24.ru
1026

Ұлттық антидопинг орталығы өзінің ресми сайтында 2023 жылы WADA кодексін бұзған қазақстандық спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Допинг қолданғаны үшін жарыстан шеттетілгендердің қатарында пауэрлифтер Аман Қапышев, джитсер Мақсат Есмұрат, киберспортсмен Дарын Бейбітов каноист Ділназ Сұлтанбек, жеңілатлет Қалжан Мұзахан, сонымен қатар ауыр атлеттер де бар.

Одан бөлек бұл тізімде Фаиза Исмаилова (27.07.2023-27.07.2026, аралығында жарысқа қатыса алмайды, ағзасынан оксандролон, клостебол табылған), Данил Ворошилов (08.04.2023 — 08.04.2026, кленбутерол), Әділет Нұрғали (24.05.2023 — 24.05.2026, метандиенон), Бағдат Маматқұл (04.05.2023 — 04.05.2025, метилгексанамин), Нұрхамит Давлетхан (26.04.2023 — 26.04.2027, метастерон, оралтуринабол), Анатолий Савельев (25.04.2023 — 25.04.2025, метилгексанамин), Богдан Краснянский (16.05.2023 — 16.05.2027, метастерон), Диана Салықова (11.05.2023 — 11.05.2025, метилгексанамин), Алина Колиушко (18.05.2023 — 18.05.2026, САРМС S-23), Атабек Нұриддинов (24.05.2023 — 24.05.2026, метилгексанамин, САРМС S-23), Айым Есжанова (24.05.2023 — 24.05.2026, САРМС S-23), Өтепберген Әлиев (12.06.2023 — 12.06.2026, САРМС Остарин), Анастасия Бетехтина 12.06.2023 — 12.06.2026, САРМС Остарин) және Мария Синицына 12.06.2023 — 12.06.2026, САРМС Остарин) бар.
Айта кетейік, 23 жастағы Савельев 2017 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионатын ұтып алған.

Серіктес жаңалықтары