793
«Көктайғақ болады»: 3 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Елдің оңтүстігік жартысында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Синоптиктер еліміздің аймақтарында 3 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
Республика батысында, солтүстігінде, шығысында Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалына байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Еліміздің шығысында кей уақыттарды қатты қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
Елдің оңтүстігік жартысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.