«Төрт жыл мені қарату үшін тер төккен адам»: Әнші Мадина Сәдуақасова жолдасы туралы құпияны айтты

Биыл әншінің сахнада жүргеніне 26 жыл толады.

«Төрт жыл мені қарату үшін тер төккен адам»: Әнші Мадина Сәдуақасова жолдасы туралы құпияны айтты
Фото: jas.kz
1794

Әнші Мәдина Сәдуақасова «Төрлетіңіз»  бағдарламасында жолдасы туралы айтты, деп жазды turkystan.kz.

Айтуынша, биыл әншінің сахнада жүргеніне 26 жыл толады. Өнер иесі жолдасымен «Таң қалмаңыз» деген бағдарламасында танысқан. Өзінен жеті жас кіші екенін де жасырмады.

«Халықтың есінде жақсы сақталған «Таң қалмаңыз» деген бағдарлама болатын. Маған сол бағдарламаны жүргізуге ұсыныс жасалды. Мен келісіп, түсірілімге келгенде Олжасты көрдім. Сол кезден бастап ол кісі мені ұнатқан. Оның саласы – режиссура. Жұмыс барысында ғана жүздесетін едік. Кейін мені ұнататынын айтып, сезімін білдіріп жүрді. Төрт жыл мені қарату үшін тер төккен адам. 2013 жылы 8 қыркүйек күні менің туған күнімде тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Оның туған күнінде үйлену тойымыз болды», – деді әнші.  

Ол барлық бейнебаянының режиссері жолдасы екенін айтады.

«Олжас шығармашылықтың адамы болғанымен, біздің мінезіміз екі түрлі.  Мен белсенді болғым келеді, әлеуметтік желілерде де тура солай. Ал енді менің жолдасым оны жақтырмайды. Өзінің бір-ақ қана жақын досы бар. Көпшілік жерлерді ұнатпайды. Той-жиындарға ұлыммен барамын. Алғаш үйленген жылдары қатты қызғанды. Ән айтпақ түгілі, сұхбат беруге жібермейтін. Кейін өнер адамы екенімді түсініп, қолдау білдірді», – дейді Мәдина Сәдуақасова.

Серіктес жаңалықтары