Қостанай облысында ерлі-зайыптылар үйінен өлі табылды

Қостанай облысында тағы бір отбасы газдан уланып қайтыс болды.

Қостанай облысында ерлі-зайыптылар үйінен өлі табылды
qamshy.kz
1304

Қайғылы оқиға Май ауданының Бейімбет Майлин атындағы ауылында болды, деп хабарлады Alau.kz.

«Қайғылы жағдай табиғи газдан уланудан болған. Жеке үйден ер мен әйел өлі табылды. Оған сұйылтылған газ пешінің ашық қалуы себеп болған», – деді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қайрат Қасым.

Еске салсақ, 27 қазан күні Шымкенттегі Ынтымақ ықшамауданында бір отбасының 5 мүшесі (39 жастағы отағасы мен әйелі, 15, 16 жастағы қыз және 11 жастағы ұл) газдан уланып қайтыс болды. 

Сондай-ақ 30 қазанда Қостанай облысының Лесное ауылында бір отбасының үш адамы ыстан уланып, көз жұмған болатын. 1975 жылы туған үй иесі ауруханаға жеткізілді. Қайғылы жағдайға пештегі сыланбаған сызаттар мен шойын тақтадағы жарықтардан улы иіс тарауы себеп болған.

Серіктес жаңалықтары