Түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу – бәрімізге ортақ міндет – Қасым-Жомарт Тоқаев

«Түркі әлемінің келешегі – 2040» атты құжат бекітілді».

Түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу – бәрімізге ортақ міндет – Қасым-Жомарт Тоқаев
аkorda.kz
1295

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде Қазақстанның бастамасымен құрылған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі толыққанды беделді халықаралық ұйымға айналғанын мәлімдеді, деп хабарлады Turkystan.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түркі әлемінің келешегі – 2040» атты құжат бекітілді. Ең бастысы, бауырлас елдердің бірлігін бекемдей түстік. Ортақ құндылықтарымызды төрткүл дүниеге таныттық. Біз бабалар өсиетін орындап, түркі елдерінің ынтымағын нығайтып келеміз. Ендігі мақсат – өзара сенімге және бауырластыққа негізделген бірлігімізді сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау. Түркі әлемі жаһандық ықпалы бар елдермен тең дәрежеде қарым-қатынас жасап отыр. Басқа мемлекеттер біздің ұйымның ұстанымдарына баса мән беретін болды. Сондықтан, түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу – бәрімізге ортақ міндет», – деді Мемлекет басшысы.

 

Серіктес жаңалықтары