1141
Ердоған Қарағанды облысында қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтты
Еске салсақ, 28 қазан күні «Костенко» шахтасында апат болып, 46 кенші қаза тапқан болатын.
Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілерге қатысты көңіл айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қарағандыдағы шахтада қаза тапқан кеншілерге қатысты көңіл айтамыз. Олардың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, сабыр тілейміз», - деді Ердоған.
Еске салсақ, 28 қазан күні «Костенко» шахтасында апат болып, 46 кенші қаза тапқан болатын.