«Өз-өзіммен арпалысып жүргенде неге бір жағыма шықпады?»: Әнші Серікбол Сайлаубек әйелімен ажырасу себебін айтты

"Мен отадан кейін жағдайым нашарлап кететінін білмедім ғой. Мүмкін жақсы болып кетсе, осы 4-5 жылда іс-әрекетім басқаша болар ма еді?"

«Өз-өзіммен арпалысып жүргенде неге бір жағыма шықпады?»: Әнші Серікбол Сайлаубек әйелімен ажырасу себебін айтты
Видеодан алынған кадр
2913

Әнші Серікбол Сайлаубек TALK LIKE бағдарламасында әйелімен не себепті ажырасқанын айтты.

«Көзім дұрыс көрмей қалды. Іште қоқым қалып қалды. Қазір екінші топқа өттім. Көзбен алысып жүрдім. Сондай кезең болды. Кейде тойға барғанда әртістерді танымай өтіп кетемін. Көбі ренжіп жатады. Сондай сәттерде ол кісі мені түсіну керек пе еді деп ойлаймын. Өз-өзіммен алысып, арпалысып жүргенде неге бір жағыма шықпады? Ол кезде біреудің көңіліне қарайтын жағдайда болған жоқпын. Өз-өзіммен алысып жүрдім. Бірақ «Өзің көр» деп айттым. Алайда, өмір мұнымен тоқтаған жоқ. Басымыз аман, деніміз сау», – дейді әнші.

Сондай-ақ ол егер денсаулығы нашарламағанда жағдай басқаша болуы мүмкін екенін айтады.

«Мен үйде ұрысатын азамат емеспін. Еркекке не керек? Тамағың бар. Киімің таза. Басқа ештеңе керек емес қой. Жағдайын жасадық. Үйі толы. Мен ол кісіні кінәлай да алмаймын. Мүмкін, кінә өзімде де бар шығар. Өйткені мен отадан кейін жағдайым нашарлап кететінін білмедім ғой. Мүмкін жақсы болып кетсе, осы 4-5 жылда іс-әрекетім басқаша болар ма еді? Мен өз-өзіме енді келіп жатырмын. Өзіме мотивация беріп жүрмін. Қала сыртына барып, көлік айдап жүрмін», – дейді әнші.

Серіктес жаңалықтары