«Имаммен ағылшынша сөйлестік»: Танымал қазақстандық блогер Парижде некесін қидырды

"Жансаяның ата-анасы осылай онлайн отырып, батасын берді"

«Имаммен ағылшынша сөйлестік»: Танымал қазақстандық блогер Парижде некесін қидырды
instagram.com/aden_margulan
1471

Танымал блогер әрі продюсер Аден Марғұлан Instagram-дағы жеке парақшасында Парижде некесін қидырғанын хабарлады.

 «Алланың қалауымен Парижде неке қию бұйырды. Бұйырса болашақта айтып жүретіндей ерекше махаббат хикаясы болсын дедім. Өзім де таңғалып тұрмын. Қазақстаннан қатты дайындалып келдім. Жансаяға дым айтпай арнайы киім алып, неке куәлікті дайындап, алдын ала ата-анасынан рұқсатын алдым. Жансаяның ата-анасы осылай онлайн отырып, батасын берді. Сол кезде уайымдап, дірілдеген түрімді көрсеңдер. Ал енді бұйырса үйдегілердің дайындығы басталады. Басқа-басқа, анам мәз. Имаммен ағылшынша сөйлесіп, біраз қызық болды. Өте күшті, жүзі жылы кісі екен. НИШ-та оқығаныма өте қатты қуандым. Өмірімдегі маңызды сәтте ағылшын тілі қатты көмек болды. Бар білгенімді шығардым. Апайлар кезінде «әй, кейін керек болады»деп бекер ұрыспапты», – деп жазды блогер. 

Серіктес жаңалықтары