986
Павлодарда балаларына дұрыс қарамаған ана жазаланды
Тәртіп сақшылары рейд барысында 38 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Балаларына дұрыс қарамаған павлодарлық әйел жазаланды, деп хабарлады turkystan.kz.
Материал сотқа жіберіледі.
Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, тәртіп сақшылары рейд барысында 38 жастағы қала тұрғынын анықтады.
«Ол төрт және алты жастағы екі баланың тәрбиесіне салғырт қараған және алкогольді ішімдік тұтынған. Тұрғын ҚР ӘҚБтК 127-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Материал сотқа жіберіледі. Сонымен қатар ананың тәртібі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның отырысында қаралады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, жыл басынан бері кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін орындамаған 72 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.