«АрселорМиттал Теміртауды» қазақстандық инвестор сатып алатын болды

«АрселорМиттал Теміртау» сатылады

«АрселорМиттал Теміртауды» қазақстандық инвестор сатып алатын болды
Ашық дереккөз
1697

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметтегі брифингте «АрселорМиттал Теміртауды» қазақстандық инвестор сатып алатынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазір біз компанияны атай алмаймыз, бірақ бұл кәсіпорынды нарықтық құны бойынша сатып алатын отандық инвестор болады. Бұл инвестор қыркүйек айында Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнеспен кездесуіне қатысты», - деді Роман Скляр.

Ол бірінші кезекте оның өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестиция салуын қадағалайтынын атап өтті. 

«Инвестициялар көлемі бір миллиард доллардан асады», - деді ол. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырды. 

Серіктес жаңалықтары