Қостанайда полиция қызметкері өз үйінің ауласынан өлі табылды

Қостанай облысында қайғылы оқиға болды

Қостанайда полиция қызметкері өз үйінің ауласынан өлі табылды
Ашық дереккөз
1434

Қостанай облысында полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Марқұмның өліміне оның күйеуі күдіктеліп отыр.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, әйелдің денесі 1 қарашада таңертең өз үйінің ауласынан табылған. Күдікті – марқұмның күйеуі. Ерлі-зайыптылардың екеуі де полицияда жұмыс істеген. Сондай-ақ отбасылық қарым-қатынастар жақсы болмағаны белгілі болды. Ерлі-зайыптылар ажыраспақ болған.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс істеді деген күдікпен 25 жастағы жігіт ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді полиция.

Марқұмның артында екі кішкентай баласы қалды.

Қылмыстық істі тергеуді ІІМ өз бақылауына алды. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары