Мемлекет басшысы Непал президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Непалдың батыс бөлігінде жойқын жер сілкінісі болды

Мемлекет басшысы Непал президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Ақорда
926

Мемлекет басшысы Непал Президенті Рам Чандра Пауделге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Непалдың батыс бөлігінде болған жойқын жер сілкінісі кезінде көптеген адамның қаза табуына байланысты Непал Президентіне және халқына көңіл айтты.

«Непалда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осындай ауыр сәтте Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқы мен жеке өзімнің атымнан қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түзсіз жоғалған азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін», – деп жазылған жеделхатта.

Серіктес жаңалықтары