1252
Атырауда көпірден секірген жасөспірімнің денесі әлі табылмай жатыр
Атыраулық жасөспірім көпірден секіріп кеткен
3 қараша күні түнгі мезгілде жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп кеткен жасөспірім әлі табылмады, деп хабарлады turkystan.kz AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, қазір сегіз құтқарушы екі қайықпен іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, биыл өңірде 38 бала өзіне қол жұмсамақ болған. Оның тоғызы дер кезінде көмек алмаған.
Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев әлеуметтік желіде ата-аналарды балаларына көп уақыт пен көңіл бөлуге шақырды.