Балжан Бидаш: «Қанша мықты болсам да шаршадым»

Ол басынан қиын кезеңді өткеріп жатқанын айтты.

Балжан Бидаш: «Қанша мықты болсам да шаршадым»
ашық дереккөз
2307

Белгілі әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желіде жылап жатқан сәтін жариялап, басынан қиын кезеңді өткеріп жатқанын айтты.

Балжан Бидаштың Instagram-дағы парақшасында бөліскен видеосында қаншалықты мықты болса да, өзін сүйреп шаршағанын айтты.

«Мен осы уақытқа дейін сіздерге ашылып, қиналған эмоциямды көрсеткен емеспін. Қанша мықты болсам да, өзімді сүйреп шаршадым. Сенің тағдырыңда болып жатқан жағымсыз құбылыстарға біреудің кінәсі жоқ. Ол өзіңнің таңдауың. Бәрі Жаратқан иеміздің жоспары» деп жазды әнші. Сондай-ақ, өнер иесі өзі үшін алаңдап, қолдау білдіріп жатқан көпшілікке алғысын айтты.

Сондай-ақ, ол қолдау білдіріп жатқандарға алғысын білдірді.

«Хаттарыңызды оқыдым. Уайымдамаңыздар, өздеріңіз айтпақшы, уақыт - бәріне емші. Қолдауларыңызға рахмет. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін» деп жазды ол.

Балжан Бидаш қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктеріне демалысқа ұшып кеткен.

Серіктес жаңалықтары