Аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау қорытындысы жарияланды

Сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілді.

Аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау қорытындысы жарияланды
ult.kz
1213

 

5 қарашада Мемлекет басшысының бастамасымен алғаш рет пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтті. Өкілеттіктерге сәйкес, облыстардың мәслихаттары осы сайлауды өткізу үшін 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаланың тізбесін бекітті.

1553 сайлау комиссиялары: 17 облыстық, 3 қалалық, 42 аудандық және 1491 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

Сайлау балама негізде өтті. Сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілді.

Сайлаушылардың келуі - 62,79 %.

Сайланған әкімдердің орташа жасы 46,7 жасты құрайды.

Сайлау науқаны республиканың сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Дауыс беру күні байқауды Қазақстан Республикасының 8500-ге жуық кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, байқаушылары мен БАҚ өкілдері жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы осы сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссияларына әдістемелік басшылықты, сондай-ақ олардың қызметінің сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырды және өзінің интернет-ресурсында 17 өңірдегі сайлау қорытындылары бойынша мынадай жалпыланған ақпаратты ұсынады:

1.Абай облысы

2.Ақмола облысы

3.Ақтөбе облысы

4.Алматы облысы

5.Атырау облысы

6.Батыс Қазақстан облысы

7.Жамбыл облысы

8.Жетісу облысы

9.Қарағанды облысы

10.Қостанай облысы

11.Қызылорда облысы

12.Маңғыстау облысы

13.Павлодар облысы

14.Солтүстік Қазақстан облысы

15.Түркістан облысы

16.Ұлытау облысы

17.Шығыс Қазақстан облысы

Серіктес жаңалықтары