«Ақша керек қой»: Дариға Бадықова ойнаған рөлдері туралы айтты

Дариға Бадықова қазір тек актриса емес, продюсер ретінде де танылып жүр.

«Ақша керек қой»: Дариға Бадықова ойнаған рөлдері туралы айтты
ашық дереккөз
1682

Белгілі актриса, қазір продюсер ретінде танылып жүрген Дариға Бадықова «Динамен дұрыс» бағдарламасында режиссерлердің оған бірсарынды рөлдер беретініне еш ренжімейтінін айтты.

«Режиссерлердің маған мұндай рөлдер бергеніне ренжімеймін. Ақша керек қой. Бере берсін. Көрерменнің өзіне ұнап жатса, көрермен есінде сақтап жатса, неге ойнамасқа? Бізге күн көру керек. Оларға актриса табу керек», – дейді актриса.

Серіктес жаңалықтары