Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 50 млн теңге бөлді

Тұңғыш президент кеніштегі қайғылы оқиғаға қатты алаңдайды.

Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 50 млн теңге бөлді
commons.wikimedia.org
1093

Нұрсұлтан Назарбаев қоры Костенко шахтасында қаза тапқандардың отбасыларына 50 миллион теңге бөлді, деп хабарлады turkystan.kz.

Тұңғыш президент кеніштегі қайғылы оқиғаға қатты алаңдайды, деп хабарлады қор.

«Костенко атындағы шахтада болған трагедияны терең күйзеліспен қабылдаған еліміздің тұңғыш президентінің тапсырмасымен Нұрсұлтан Назарбаев қоры қаза болған шахтерлердің отбасыларына 50 миллион теңге қаржылай көмек бөлді», - делінген қордың хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары