1475
«Қазір күш менің қолымда»: Гүлзира Айдарбекова жас отбасыларға кеңес берді
Продюсері Гүлзира Айдарбекова жас отбасыларға кеңес айтты.
Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова жас отбасыларға кеңес айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Жаңа шаңырақ көтерген отбасыларға қандай кеңес бересіз?» деп жиі сұрайды. Қыз болсын, ұл болсын, отбасын құрғанда қиын кезеңнен өтеді. Біз үйленген жылы мен қиналдым. Қазір сол кездерді күліп еске аламыз. «Бақытты адам жоқ, бақытты сәттер көп» дейді. Оның барлығы сіздің жадыңызда бақытты сәттер болып қалады. Келіндерім менен сұранады. Қазір күш менің қолымда. Бірақ түбіне келетін болсақ, ертең мен келінімнің қолына қараймын. Қартаямыз, күш кетеді. Сондықтан бір-бірімізбен жақсы қарым-қатынаста болған абзал», – деді Гүлзира Айдарбекова.