2 айдан аз уақыт қалды: ІІМ ескерту жасады

Барлығы 237 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды.

2 айдан аз уақыт қалды: ІІМ ескерту жасады
ашық дереккөз
1029

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі 23 қаңтардан 30 маусымға дейін елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz.

Елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көлік құралдары заңдастыруға жатпайды. Барлығы 237 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды.

«Бір реттік заңдастыруды ескере отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер 31 желтоқсанына дейін ғана қаралатынын хабарлаймыз. Бүгінгі күні нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде. Яғни, шетелдік автокөліктерді заңдастыруға екі айдан аз уақыт қалды. Уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, біз автокөлік иелерін заңдастыру процесін аяқтауға және көлік құралдарын тіркеуге шақырамыз», – деді ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығының орынбасары Алтынбек Жамалиев.

Серіктес жаңалықтары