Докторанттар 500 мың теңге шәкіртақы алады

PhD шәкіртақысы жыл сайын 20%-ға өседі.

Докторанттар 500 мың теңге шәкіртақы алады
ашық дереккөз
1203

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы 4-5 жылда докторанттар 500 мың теңге шәкіртақы алатынын мәлімдеді, деп хабарлады Turkystan.kz.

«Докторантурада 3 жыл оқып, PhD дәрежесін алған жас ғалым университетке келгенде оқу уақыты есепке алынбайды. Оған еңбек жолын оқытушылықтан бастау қажет. Бізде оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор болып бөлінеді. Профессор дәрежесіне жеткенше көп уақыт кетеді. Мақала жазып, гранттарға қатысу керек. Сондықтан бірінші кезекте PhD докторантураның принциптерін өзгертіп жатырмыз. PhD стипендиясы көбейеді. Биыл 217 мың теңгеге жетті. Жыл сайын 20% өседі. Алдағы 4-5 жылда 500 мың теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деді министр.

С. Нұрбек былтырдан бастап «жас ғалымдарға» 3 жылдық грант беріле бастағанын атап өтті.

«Жалақы 500 мың теңгені құрайды, жас ғалымды жұмысқа тартып, ғылым жолында қалдыру үшін біз бірнеше кешенді шараларды қолға алып жатырмыз»,– деді Ғылым және жоғары білім министрі.

Серіктес жаңалықтары