Еттің бағасы түсе ме? – Министр жауап берді

Оның айтуынша, баға төмендеуі мүмкін, мал басы көбейсе, ұсыныс көбейеді.

Еттің бағасы түсе ме? – Министр жауап берді
Abai.kz
1142

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәжіліс кулуарында сиыр етінің бағасы қандай жағдайда төмендеуі мүмкін екенін түсіндірді.

Министр ет бағасы әр өңірде әртүрлі болуы мүмкін екенін атап өтті.

Сиыр еті 2,5 мың теңгеден 4 мың теңгеге дейінгі аралықта сатылып жатыр. Базар мен супермаркеттегі баға да әртүрлі. Бірыңғай баға жоқ. Супермаркеттерде оралатын ет бар. Жәрмеңкеде немесе базарда сатылатын арзан ет бар. Жалпы, баға төмендеуі мүмкін, мал басы көбейсе, ұсыныс көбейеді. Бірақ инфляция мен жем-шөп бағасының көтерілу мәселесі бар екенін ескеруіміз керек, - деді Әлібек Қуантыров. 

Күні кеше Ауыл шаруашылығы министрі сиыр етінің орташа бағасы келісіне 2 485 теңге екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары