«Екі ай бірге тұрған»: Қостанай облысында сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам сотталды

Ер адам әйелді бірнеше рет жұдырығымен, металл затпен ұрып тастаған.

«Екі ай бірге тұрған»: Қостанай облысында сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам сотталды
nsk.aif.ru
819

Қостанай облысының Федоров ауданында өзінің сүйіктісін аяусыз зорлап, өлгенше ұрып өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам әуел бастан агрессия танытып жүргені анықталған. Жәбірленуші ер адаммен екі ай бірге тұрған. Кейін ер адаммен ары қарай бірге өмір сүре алмайтынын түсінген. Сөйтіп, екеуі екі жаққа кеткен.  

Бірақ біраз уақыттан кейін екеуі қайтадан кездескен. Әйел адам ер адам сыйлаған телефонды қайтармақ болған. Татуласамыз деп ойлап қалған күдікті алкоголь ала келген. Екеуі әңгімелесіп отырған кезде қайтадан жанжалдасып, ер адам әйелді бірнеше рет жұдырығымен, металл затпен ұрып тастаған. Әйел қайтыс болған.  

Ер адам әйелдің ауыр жағдайда жатқанына қарамастан аяусыз зорлаған. Артынша ештеңе болмағандай ұйықтап қалған. Таңертең ер адам жәбірленуші ессіз жатқанын көрген. Сол кезде күдікті танысына хабарласып, ол полицияға хабарлаған.  

Жәбірленуші тарап күдіктіні максималды жылға соттауды сұраған. Қылмыстың ауырлығын ескере келе күдікті 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек, 3 миллион теңге көлемінде моралдық шығын өтеуі туралы шешім шықты. 

 

Серіктес жаңалықтары