Бұталарды үйіп, бірнеше жерден жағуға дайындап кеткен: Семей орманын белгісіз біреулер қасақана өртемек болған

Семей-Павлодар тасжолындағы орманды жағуға дайындалған үш күрке табылды.

Бұталарды үйіп, бірнеше жерден жағуға дайындап кеткен: Семей орманын белгісіз біреулер қасақана өртемек болған
Абай облысының прокуратурасы
898

Белгісіз біреулер Семейдегі Қарағайлы орманына қасақана от қоймақ, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Мұны серуендеп жүрген тұрғынның бірі байқап, құқық қорғаушыларға хабар берген. Осыдан кейін жүргізілген тексерулер кезінде Семей-Павлодар тасжолындағы орманды жағуға дайындалған үш күрке табылды. Белгісіз біреулер қалың ағаштардың түбіне бұталарды үйіп, бірнеше жерден жағуға дайындап кеткен.

Сондай-ақ, Семей-Бородулиха күре жолына жақын орман аумағынан табылған. Мамандар қаскөйлер орманға екі жағынан бірдей от қоюға дайындаған деп топшылап отыр. Қазір күдікті іздестіріліп жатыр. Тексеру жұмыстарын прокуратура бақылауға алды. 

"Қазіргі кезде орманды күзету күшейтілді. Құқық қорғау органдарына арыз жазылып, бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр. Күдікті іздестірілуде", – деді "Қызыл Кардон" орман шаруашылығының басшысы.

Серіктес жаңалықтары