«Алматы апорты» қазақстандық бренд ретінде тіркелді

Географиялық көрсеткіші Қазақстан деп көрсетіледі.

«Алматы апорты» қазақстандық бренд ретінде тіркелді
kazgazeta.kz
774

Әділет министрлігі отандық апорт құқығын шетелде заңмен қорғайды. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Енді алматылық апорт шетелдік сауда орындарында сатылатын болса, географиялық көрсеткіші Қазақстан деп көрсетіледі. Бұл тізімге Түркістан шоколады мен Қарағанды балмұздағы да енді.

Қазір Қызылорда күріші мен әміре қауыны, Түркістан қауыны, құрт, Жаңарқаның соғымы, Қоғалының картобы сияқты түрлі тауарларды ресми тізімге енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Әділет министрлігі өңірлерде шығатын өнімдерді аталған тізімге енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. "Географиялық көрсеткіш" ауыл шаруашылығы, азық-түлік, өндірістік тауарлар мен қолөнер туындыларына қатысты қолданылады. Географиялық көрсеткіштің ұлттық брендті насихаттау және оны шет елдерде таныстыру кезінде маңыздылығы зор", - деп түсіндірді Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Серіктес жаңалықтары