Тағы бір өңірде сұйытылған газ тапшылығы туындады

Қостанай облысы тұрғындары жанармай бекеттеріндегі ұзын-сонар кезеккке және жалпы газдың жоқтығына шағымданған.

Тағы бір өңірде сұйытылған газ тапшылығы туындады
khabar.kz
849

Өңір тұрғындарына газдың жетпей отырғандығының бірнеше себебі бар. Ол туралы Қостанай облыстық ТКШ және энергетика басқармасының жетекшісі Дәурен Асқаров айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Облыс тұрғындары әлеуметтік желілерде жанармай бекеттеріндегі ұзын-сонар кезеккке және жалпы газдың жоқтығына шағымданған.

«Газға келетін болсақ, бүгінгі таңда бізде 301 тонна сұйытылған газ бар. Тағы 319 тонна жеткізіледі. Газды 5 мекеме таратады, олардың барлығы оны қолма-қол ақшаға («Сұйытылған газ базасы» ЖШС-нен басқасы, ол газды талонмен береді) сатады», - деді Дәурен Асқаров.

Газ тапшылығы оның қажетті мөлшерде жеткізілмеуінен туындап отыр.

Басқарма басшысының сөзінше, Атырау мұнай өңдеу зауыты жеткізетін газдың бағасы қымбат. Өйткені Қостанаймен арадағы жол тым қашық (тасымалдаушыларға мүмкіндігінше жақын жерден, айталық Шымкент мұнай зауытынан тасымалдаған тиімді).

«Біз қарашада 4,5 тонна сұйытылған газ жеткізіледі деп жоспарлап отырмыз. Оған қосымша тағы газ сұрадық», - деп қорытты ведомство өкілі.

Серіктес жаңалықтары