Шымкентте жол апатынан 16 жастағы скутер жүргізушісі қаза тапты

Zhweki скутері мен Kia Optima көлігі соқтығысқан.

Шымкентте жол апатынан 16 жастағы скутер жүргізушісі қаза тапты
polisia.kz
707

Шымкентте жол апатынан 16 жастағы скутер жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға 9 қараша күні сағат 19:40 шамасында Мұғалжар мен Алпамыс батыр көшелерінің қиылысында болған.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Zhweki скутері мен Kia Optima көлігі соқтығысты.

«Салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары