182
Сирия оппозициясы: Ресей уәдесіне орындамаса, Астанаға бармаймыз!
Сирия оппозициясы: Ресей уәдесіне орындамаса, Астанаға бармаймыз!
Астана процесіне қатысқан Сирия қарулы оппозициясының басшысы, Женевадағы делегация мүшесі Мохаммад Аллуш Ресей берген уəделерін орындаса ғана Астана процесін жалғастыруға болады мәлімдеді. Бұл жөнінде РИА Новости-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Мохаммад Аллуш сондай-ақ келіссөздерден Иранды шеттетуге шақырған. Оның айтуынша, оппозициялық делегация Астана процесінің бірінші жəне екінші раундтарына аттанған кезде тараптар бір мəмілеге келеді деп қатты үміттенген.
"16-17 ақпан күндері Астанада өткен кездесу кезінде Ресей делегациясының басшысы Александр (Лаврентьев -агенттік) ҚР Сыртқы істер министрі орынбасарының көзінше маған əуеден соққы беруді тоқтатамыз деп уəде берген. Алайда, біз Астанадан оралған кезде əуесоққылар тіпті жиілеп кетті. Біз Түркия тарапы арқылы қарсылық нотасы мен екі күндегі əуе соққыларының санын жібердік",-дейді Аллуш.Наурыз айында Астанада өтеді деп жоспарланған Астана процесінің үшінші раунды өте ме, жоқ па, өтсе, Сирия оппозициясы қатыса ма, жоқ па деген мəселелер туындап отыр.
"Алып қарасақ, орыстардың бізге қатысты айтқан сөзі шындыққа жанаспайды. Мен оларды берген уəделерін орындауға шақырамын жəне Иранды келіссөздерден шеттетуге шақырамын. Егер де Ресей бұның алдындағы уəделерін орындамаса, біз Астанаға бармаймыз",-деді ол журналистердің сұрағына жауап бере отырып.