«AMANAT»: Жетісу облысында өңірлік әйелдер қанаты құрылды

Инклюзивті мәдениет пен гендерлік теңдік қалыптастыру – «AMANAT» сайлауалды бағдарламасының басымдықтарының бірі.

«AMANAT»: Жетісу облысында өңірлік әйелдер қанаты құрылды
1265

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, оларды елдің қоғамдық-саяси өміріне тарту, гендерлік теңдікке және ауыл қыз-келіншектеріне өз қабілет-қарымын танытуға жағдай жасау. Осы және өзге де өзекті мәселелер «AMANAT»  партиясының қолдауымен өткен Жетісу облысының әйелдер активінің жиынында талқыланды.«Мемлекет дамуындағы әйелдің рөлі» тақырыбымен өткен жиынға барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, көпбалалы аналар, білім беру, денсаулық саласының өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы прогрессивті елдің маңызды белгісінің бірі әйелдің қоғамдағы мәртебесі екенін бірнеше рет атап өтті. Инклюзивті мәдениет пен гендерлік теңдік қалыптастыру – «AMANAT» сайлауалды бағдарламасының басымдықтарының бірі. Ол үшін партия әйелдер қанатын құрып, оның аймақтық филиалдарын ашып жатыр.

«Біз әйелдер құқығын қорғауға ерекше назар аударуымыз керек. Сол үшін де партия әйелдер қанаты жұмысының 10 басым бағытын айқындап отыр. Олардың ішінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесу, өндірістегі еңбекті қорғау, ауылдағы бизнес, отбасының денсаулығы мен құндылықтары, экономикалық құқық, әйелдердің ғылымдағы рөлі және басқа да бағыттар бар. Әр бағыт бойынша сарапшылар тобы жұмыс істейді, олар проблемаларды шешу бойынша өз көзқарастары мен пікірлерін ұсынады», – деді партия хатшысы Шолпан Каринова.

Іс-шара­ға қатысушылар әйелдердің ­түрлі саладағы белсенділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Осы орайда, облыстық мәслихат депутаты Римма СалыковаЖетісу өңірінде кәсіпорындардың 49 пайызын әйелдер басқаратынын атап өтіп, оның ішінде ауылдық жерде бизнестегі әйелдердің үлесін арттыру жайлы сөз етті.

«Жұмысын жаңа бастаған әйелдерге шы­ғармашылық және кәсіп­керлік мүмкіндігін жүзеге асыруға жағдай жасалу керек. Біз Жетісу өңірінің бірқатар ауылын аралап, жаңа кәсіп ашқысы келетін, бірақ ісін неден бастайтынын білмей отырған қыз-келіншектермен, жал­ғызбасты аналармен кез­дестік. Ауылда көкөніс өсіргісі, балабақша ашқысы келетін, сондай-ақ жергілікті жерде өнім шығарғысы келетін әйелд­ер көп. Жаңа кәсіпорын пайда болса, жаңа жұмыс орын­дары ашылатыны да түсінікті. Баламен үйде отыр­ғанымен, үй шаруашылы­ғынан тыс уақытта қосымша табыс тауып, оны сүйіп істейтін ісіне айналдырған әйелдер де аз емес. Оларға қолдау білдіру керек», – деді ол.

«Tomiris» партиялық жобасының амбоссадоры, облыстық мәслихат депутаты Баршагүл Саятова әйелдер барлық салада табысты жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

«Қыз-келіншектердің арасында ер адамдармен тең мүмкіндіктерді пайдаланып, өз бизне­сін дамыту үшін «Ауыл аманаты» жобасы арқылы жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, кәсібін нәсіп қылып отырғандар бар. Қазірдің өзінде олардың ірімшік, киізден жасалған бұйым­дар өндірісі жол­ға қойылып жатыр», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары