«Қалтасын тексеріп жатыр»: әнші Айқын Төлепберген тойда ыңғайсыз жағдайға қалған видеосын жариялады

Әнші той қонағының бұл әрекетін түсінбегенін айтады.

«Қалтасын тексеріп жатыр»: әнші Айқын Төлепберген тойда ыңғайсыз жағдайға қалған видеосын жариялады
Фото: instagram.com/aikyn
1440

Әнші Айқын Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында тойда түсірілген видео жариялады, деп жазды turkystan.kz.

Видеодан әншімен суретке түскен ер адам оның қалтасына қолын салып жатқанын көруге болады.

Бейнежазба желі қолданушыларының көңілін көтерді.

Әнші той қонағының бұл әрекетін түсінбегенін айтады.

«Ақша салмады. Мүмкін жұғысты болсын деп, қалтама қолын салған шығар. Ағамызға өкпе жоқ. Көңілді көтеріп, суретке түсті», - деп жазды әнші.

«Қолы жаурап қалған болар», «Тексеріп жатқандай», «Бәрімізге жұмбақ болды», деп жазды оқырмандар.

 

Серіктес жаңалықтары