1384
Костенко шахтасындағы жарылыстан аман қалғандардың жағдайы белгілі болды
Шахтадағы апаттан 46 адам қаза тапты
Қарағандыда Костенко шахтасында болған жарылыстан зардап шеккен 10 адам ауруханада жатыр. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев олардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"10 зардап шеккен адам медициналық мекемелерде бақылауда, олардың жағдайы орташа және жеңіл дәрежеде. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді Бөлекпаев.
Еске салайық, бастапқыда Костенко шахтасында 7 адам қаза тапқаны белгілі болды. Артынша қаза тапқандар саны 46 адамға жетті. Сонымен қатар ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды.