Костенко шахтасын қайта қалпына келтіруге қанша уақыт кетеді?

Әкім жауап берді

Костенко шахтасын қайта қалпына келтіруге қанша уақыт кетеді?
egemen.kz
865

Кеншілер мен металлургтер тарапынан «АрселорМиттал» кеткеннен кейін кейбір шахталар жабылады деген қауесет тарады. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен брифингіде жұмысшылардың бұл болжамын жоққа шығарды, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

«Барлық 8 шахта жұмыс істейтін болады. Бүгінгі таңда 4 шахта толық көлемде жұмыс істеп жатыр. Қалғандары әртүрлі себептерге байланысты тоқтап тұр. Дайындық жұмыстары жүргізілуде, «Қазақстан» шахтасында әлі де жұмыс жүріп жатыр. Костенко шахтасында тергеу аяқталған жоқ. Мамандардың бағалауы бойынша, бұл шахтаның жұмысын қалпына келтіру үшін тағы 2,5 ай қажет. Шахталардың жабылатыны туралы сөз болған емес. Ол туралы нақты айта аламын», - деді облыс әкімі.

Айтуынша, компанияның жаңа басшыларының алдына өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қомақты қаражат салу жөнінде шарттар қойылмақ. Бұл мемлекет тарапынан қойылатын басты талаптардың бірі болады.

Серіктес жаңалықтары