1235
Газа секторында қаза тапқандар саны 11 мыңнан асты
Осы уақытқа дейін Израильде 1400-ден астам адам қайтыс болды
Газа секторында қаза тапқандар саны 11 025 адамды құрады. Оның 4506-ы балалар. Бұл туралы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Анклав аумағында 3027 әйел, 678 қарт адам қаза болды. 27000-нан астам адам жарақат алды. Иордан өзенінің батыс жағалауында 183 адам ажал құшып, 2500-ге тарта адам зардап шекті.
Соңғы мәлімет бойынша, Израильде қаза тапқандар саны 1400-ден асты.