«Ашық-шашық киінген қыздан қорықпа»: Жазира Байырбекова болашақ келіні туралы айтты

Өнер иесі ұлы жақсы көрген адамды жылы қарсы алатынын айтты

«Ашық-шашық киінген қыздан қорықпа»: Жазира Байырбекова болашақ келіні туралы айтты
Видеодан алынған кадр
844

Әнші Жазира Байырбекова болашақ келінінің қандай болатыны туралы айтты, деп жазады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазбекке "дәл мендей келін алуға міндетті емессің, өзің жақсы көрген қызды ала бер" деп айттым. "Ашық-шашық киінген қыздан қорықпай-ақ қой" дедім. Ол қыз да бір күні жабылар. Ең бастысы, жан-дүниесі сол адаммен тыныш болса, өзін еркін сезінсе болды. Қазбектің  жақсы көрген адамын мен де жақсы көремін. Өйткені ата-анама ұнаса деп үйленбей біраз жүріп қалуы мүмкін. Ата-анасы үшін бала таңдау жасаудың керегі жоқ деп ойлаймын. Ең бастысы, өзіне ыңғайлы болу керек. Қазбекке сенемін", - деді ол.

Серіктес жаңалықтары