Қосылған құн салығы: Халықаралық валюта қоры Қазақстанның бастамасын қолдады

Миссия қорытындысы бойынша арнайы мәлімдеме әзірленеді.

Қосылған құн салығы: Халықаралық валюта қоры Қазақстанның бастамасын қолдады
Зәуреш Смағұл
1280

Ұлттық Экономика министрі Әлібек Қуантыров Халықаралық валюта қоры миссиясының өкілдерімен жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің жобаларына енгізілген реформаны талқылады, деп хабарлады Turkystan.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр 2029 жылға қарай экономиканың 6%-ға өсуіне және жалпы ішкі өнімнің 2 есе артуына негізгі капиталға инвестицияларды ынталандыру есебінен қол жеткізілетінін жариялады. Ол инвестиция көзінің бірі – жаңа тарифтік саясат екенін атап өтті.

Жиында қосылған құн салығы мөлшерлемесін арттыру, жоғары табысты салалар үшін корпоративтік табыс салығы ставкаларын саралау,  жеке табыс салығы прогрессивті шкаласын енгізу, сән-салтанат салығын салу, жаңа Бюджет кодексінің жобасында Халықаралық валюта қорының ұсынымдарын имплементациялау, оның ішінде бюджет ережелерінің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Халықаралық валюта қоры Қазақстанның қосылған құн салығын 12%-дан 16%-ға дейін көтеру бастамасын қолдап, бұл отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын мәлімдеді

Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Николя Бланше Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға техникалық қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді.

Халықаралық валюта қоры миссиясының қорытындысы бойынша арнайы мәлімдеме әзірленеді. Миссия 21-қарашада аяқталады.

 

 

Серіктес жаңалықтары