Алматы облысында аурухана басшылары МӘМС-тен 2,1 млрд теңгеден астам қаражат ұрлаған

Қазір ҚМА аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Алматы облысында аурухана басшылары МӘМС-тен 2,1 млрд теңгеден астам қаражат ұрлаған
сурет: kapital.kz
1503

Алматы облысындағы аурухананы басқарған компанияның басшысы мен есепшісі өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды өтірік сатып алып, ақша жасаған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазір ҚМА аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеу жүргізіп жатыр. 

Медициналық мекеме 2020 жылғы қазанда сенімгерлік басқаруға берілген. 2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған.

Аталған тұлғаларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі, – дейді ҚМА Ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Серіктес жаңалықтары