Астанада аялдама әйнегін әдейі шаққан ер адам ұсталды

Оның бұл әрекетін досы видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.

Астанада аялдама әйнегін әдейі шаққан ер адам ұсталды
Адильбек Тауекелов
961

Астанада ер адам аялдаманың әйнегін әдейі сындырды, деп хабарлады turkystan.kz.

Мас адам Республика даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында орналасқан аялдама павильонының әйнегін әдейі сындырды. Оның бұл әрекетін досы камераға түсіріп алған.

Астана әкімдігі сайтының мәліметінше, құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды.

Елордада вандализм мен қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерімен күресу және жолын кесу бойынша тоқтаусыз жұмыс жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осындай құқық бұзушылықтар үшін жазалау шаралары күшейтілді.

Осындай жағдайлардың бірі Астанада болған. Таңертеңгі сағат төрт шамасында үш дос ойын-сауық орнынан шыққан. Үйіне қайтып бара жатқанда, олардың бірі мас күйінде Республика даңғылындағы аялдаманың әйнегін сындырған. Оның бұл әрекетін досы видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Құқық қорғау органдары кінәні толық мойындаған құқық бұзушыларды тапты.

Бұл факт «бұзақылық» ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген.

Жыл басынан бері елордалық полицейлер жүзден астам осындай заң бұзушылықты анықтады.

Вандалдармен күреске құқық қорғау органдарымен бірге елордалық еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар да жұмылдырылады. «Тоқта, вандал» акциясы аясында олар рейдтер өткізеді, оның барысында бұзушыларды анықтайды және тұрғындарға түсіндіру жүргізеді.

 

Серіктес жаңалықтары