Бахтиёр Зайнутдинов Сан-Марино мен Словенияға қарсы ойындарға қатыса алмайды – бас бапкер

25 жастағы Бахтиёр осы апта басында ұлттық құрама қатарына қосылады деп жоспарланған еді.

Бахтиёр Зайнутдинов Сан-Марино мен Словенияға қарсы ойындарға қатыса алмайды – бас бапкер
ҚФФ
930

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Әдиев ұлттық құраманың және «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов Еуро-2024 іріктеу турнирі аясында өтетін алдағы екі ойынға қатыса алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Спортэкспресс-ке сілтеме жасап.

«Бахтиёр Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына қатыса алмайды. Қанша уақытқа саптан шығып қалғанын білмеймін. Дәрігерлер әлі нақты мерзімін айтқан жоқ», – дейді Әдиев басылымға берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, кеше Түркия чемпионатында «Ыстанбұл Башакшехирге» қарсы ойында (1:0) ауыр жарақат алған Бахтиёрдың мұрын сүйегі мен аңғалағының негізі сынғаны белгілі болды. Бүгін оған Ыстанбұлдағы ауруханалардың бірінде ота жасалды.

Бір күн бұрын Қазақстан футбол федерациясы Сан-Марино (17 қараша) мен Словения (21 қараша) құрамаларына қарсы кездесулерде ойнайтын құрама мүшелерінің тізімін жариялаған болатын. Сол тізімге енген 25 жастағы Бахтиёр осы апта басында ұлттық құрама қатарына қосылады деп жоспарланған еді.

Серіктес жаңалықтары