Ұрып-соққан: павлодарлық дәрігерлер әйелдің көзіне күрделі ота жасады

Науқастың көз алмасын бөлшекпен жинап, көз жанары қайтадан қалпына келтірілген.

Ұрып-соққан: павлодарлық дәрігерлер әйелдің көзіне күрделі ота жасады
Freepik
897

Офтальмологтар науқастың көру қабілетін сақтап қалды, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Қасымхан Тілеубаев мәлім етті. 

«Науқастар қиын жағдаймен күнде түседі деуге болады. Ең соңғы және сондай ерекше отаның бірі есіме түсіп отыр. Жарақат алған 30 жастағы әйелді атап өтпеу мүмкін емес. Төбелестің салдарынан оның көзіне үшкір нәрсемен жарақат келтірілген. Біз оған қараған кезде өте пессимистік болжам болған»,– деді жоғары санатты дәрігер-офтальмолог.

Оның сөзінше, науқастың көз алмасын бөлшекпен жинап, көз жанары қайтадан қалпына келтірілген. 

«Туыстарына да, өзіне де салдарын айтқан едік. Себебі, оның алған жарақаты өте ауыр болды. Бүгінде ол ауруханадан шығарылды. Еңбегіміз зая кетпей, қыздың көру қабілетін қайтарғанымызға өте қуаныштымын. Бұл да бір жеңіс деп санаймын», – деді Қасымхан Тілеубаев.

 

Серіктес жаңалықтары