«Тұрмысқа шықпаңыздар»: Белгілі журналист қыздарға мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Ол қыздарға кеңес айтты.

«Тұрмысқа шықпаңыздар»: Белгілі журналист қыздарға мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Фото: bugin.kz
1497

Журналист, тележүргізуші Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында тұрмыстық  зорлық-зомбылық туралы сөз қозғады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол қыздарға кеңес айтты.

«Мен тұрмыстағы жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсымын. Салтанат Нүкенованың қазасынан соң, ел ішінде наразылық күшейді. Дүрліккен елге басу айтпақ боп депутаттар ішінара криминализация жасалынады, яғни күйеуіңіз жүйелі түрде жұдырыққа жықса, әрекеті қылмыс деп саналады десті.  Санама сыймай тұрған дүние, жүйелі түрде деп нені жеткізгісі келді? 2 рет ұру, 5 рет, 10. Алғашқы арыздан соң тек ескерту алып, ары қарай ашуға булығып әйелін өлтіріп тастамасына кім кепілдік береді? Ешкім... Менің бір ғана айтарым: қыздар, бізді қорғайтын заң күшіне енбейінше, тұрмысқа шықпаңыздар!» - деді тележүргізуші.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары