Мақсат Қожабаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды
Оған аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды.
Шымкентте аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған бұрынғы қала прокуроры, Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевқа сот үкімі шықты.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған Мақсат Қожабаев 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, 2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу аясында жемқорлық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М.Қожабаевты ұстаған болатын.
Еске сала кетсек, 2022 жылдың 21 сәуірінде Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Қожабаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымынан босатылған.