Биыл 16 408 этникалық қазаққа қандас мәртебесі берілді

2024 жылы қандастар квотасы көбейеді.

Биыл 16 408 этникалық қазаққа қандас мәртебесі берілді
ашық дереккөз
754

Қандастарға және Қазақстанға қоныс аударушыларға берілетін өңірлік квота көбеюі мүмкін, деп хабарлады Turkystan.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылы қандастарды қабылдауға 2 433 өңірлік квота, қоныс аударушыларды қабылдауға 7 050 өңірлік квота бөлуді жоспарлап отыр.

Салыстыру үшін айтайық, былтыр қандастарға 1 925 квота, қоныс аударушыларға 6 727 квота берілді.

Біле жүріңіздер, «Көші-қон туралы» заңға сәйкес, квота бөлінген азаматтар бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегiн бейiмдеу және ықпалдастыру қызметін, сонымен қатар ҚР денсаулық сақтау саласы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмек алу құқығына ие болады. Бұған қоса, ҚР азаматтарымен тең жағдайда мектепте және мектепке дейiнгi ұйымдарда балаға тиісті орынмен қамтылады. Техникалық, кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi білім беру мекемелерінек және жоғары оқу орындарына түсуге бөлiнген квотаға сәйкес бiлiм ала алады. Сонымен қатар ҚР азаматтарымен тең жағдайда жұмысқа тұру мүмкіндігіне ие болады.

Министрліктің мәлімдеуінше, биыл, соңғы 9 айда 16 408 этникалық қазаққа қандас мәртебесі берілді.

Серіктес жаңалықтары