Биыл Павлодар облысында жетпіске жуық егіз дүниеге келді

Биылғы жылдың тоғыз айында есепте 7 270 жүкті әйел тұр.

Биыл Павлодар облысында жетпіске жуық егіз дүниеге келді
ашық дереккөз
1025

Павлодар облысында жалпы тоғыз айдың қорытындысы бойынша 7447 сәби дүниеге келді, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, бұл жайлы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов мәлім етті. 

«Жыл басынан бері 68 егіз бала өмірге келді, үшемдер болған жоқ. Барлық балалар дәрігерлердің үнемі бақылауында», – деді басқарма басшысы. 

Оның сөзінше, биылғы жылдың тоғыз айында есепте 7 270 жүкті әйел тұр. Көрсеткіштерге сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда жүкті әйелдер саны 161-ге азайды. Жас ата-аналар мектебінде үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жүкті әйелдердің ерте келіп, қарала бастағанына әсер етті. Нәтижесінде жүктіліктің ерте сатысында дәрігерлерге келу бойынша көрсеткіш 90,3%-ды құрады. Яғни,  ұлттық жобаның жоспарлы көрсеткішінен 5,3%-ға жоғары.

Серіктес жаңалықтары